Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Әлем чемпионатын қыздарымыз жеңіспен бастады

16 Қараша, 2018

10 мәрте жалауын көтеріп отырған нәзік жандар арасындағы бокстан Әлем біріншілігі Нью-Дели шаһарында орналасқан Индира Ганди атындағы спорт кешенінде 15-24 қараша аралығында өтеді. Биылғы чемпионатқа 62 мемлекеттен 270 спортшы қатысады. Оның ішінде Қазақстан құрамасы да бар.Еліміздің намысын қорғайтын қыздарды тағы бір естеріңізге сала кетейік.

Әйгерім Қасенаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Назым Ищанова (57 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).

Чемпионаттың алғашқы күнінде Жайна Шекербекова (51 келі) мен Назым Ищанова (57 келі) рингке көтеріліп, екеуі де жеңіске жетті. 

Азия чемпионы Жайна Шекербекова бірінші жекпе-жегін ресейлік Еуропа чемпионы Светлана Солуяновамен өткізді. Төрешілер шешімімен жеңіс бір ауыздан біздің аруымызға берілді. 

Ел біріншілігінің күміс жүлдегері Назым Ищанова Бангладештен келген Онита Исламды ұтты.

Бүгін чемпионаттың екінші күні 4 қызымыз - Дина Жоламан (54 кг), Ақерке Бақытжан (69 кг), Әйгерім Қасенаева (48 кг) мен Карина Ибрагимовалар (60 кг). рингке көтеріледі. 

16 қараша күнгі кездесулер кестесі (Астана уақытымен):

Күндізгі сессияның басталу уақыты - 13:30. 

Дина Жоламан (54 кг) - Хирута Мизуки (Жапония); 

Ақерке Бақытжан (69 кг) - Эрденетуя Энхбаатар (Маңғолия).

Кешкі сессияның басталу уақыты - 18:30.

Әйгерім Қасенаева (48 кг) - Джазилл Бобадилья (АҚШ); 

Карина Ибрагимова (60 кг) - Иман Хелиф (Алжир).

Онлайн көрсетілім "BFI Official" YouTube каналында.

Фото: Сергей ШТРАК

Наверх