Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Үш салмақта жартылай финалға жолдама алғандар белгілі болды

16 Қараша, 2018

Бүгін бокстан ел біріншілігінің ширек финалы өз мәресіне жетеді. Ертең жартылай финал. Ал жексенбі күні финал. 

 

49 келінің серкелері Теміртас Жүсіпов пен Жомарт Ержан жартылай финалда өнер көрсетеді.

 

56 келідегі Әлем чемпионымыз Қайрат Ерәлиев Нұрсұлтан Исахановты еш қиындықсыз еңсерді.  Есеп 5:0. Енді ол жартылай финалда қызылордалық Жанболат Қыдырбаевпен жекпе-жек өткізеді.

 

60 келідегі Азия чемпионы Закир Сафиуллин да қарсыласын оңай ұтты. Есеп 5:0. Дегенмен бұл салмақта маңғыстаулық Саматәлі Төлтаев сынды мықты боксшы бар. Ол да жеңіліссіз келе жатыр. 

 

49 келі:

Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) – Жомарт Ержан (Түркістан облысы);

 

Жандос Несіпжан (Алматы облысы) – Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы). 

 

56 келі: 

Қайрат Ерәлиев (Түркістан) – Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы);

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы).

 

60 келі:

Закир Сафиуллин (Шымкент) - Серік Теміржанов (Павлодар облысы);

 

Бағдат Уайдаев (Қызылорда облысы) – Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы).

Наверх