Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жеңімпаздар жеңісі

09 Шілде, 2014

 Бокстан ересектер арасындағы «Қазақстан Республикасы Кубогі» IV Халықаралық жарысының екінші күні 56 кг-ға дейінгі салмақтағы Ержан Ордабаев Ресей чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Зинат Жандыбаевқа қарсы шықты. Қарсыластар үнемі соққыларын алмасып тұрды, екеуі де өте белсенді. Ресейлік боксшы қазақстандықтан он төрт жас үлкен, біздің боксшымыз қанша тырысса да, тәжірибесі жоғары ресейлік 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Біздің елімізден жартылай финалға алғашқы болып шыққан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Абдрахманов. Жас украйын боксшысы Дмитрий Черняк қорғанудан да, шабуылдан да артта қалып жатты, нәттижесінде Абдрахманов 3:0 есебімен жеңді.
 
Өкінішке орай, моңғолдық Довжинбаяр Отдондалайды 60 кг-ға дейінгі салмақтағы республика чемпионы Закир Сафиуллин жеңе алмады. Моңғолия құрамасының бірінші нөмірлі боксшысы жан жақты әрекет жасап, 3:0 есебімен басым түсті.
 
Осындай нәтижемен Қазақстан құрамасының үшінші нөмірлі боксшысы, осы салмақтағы – Дархан Жұмсақбаев филипиндік Чарли Суарезден жеңіліп қалды.
 
64 кг-ға дейінгі Қазақстан чемпионы Алмасбек Әлібеков бізді қуантты, ол украиындық Иван Данчейден үстем түсті. Әлібеков күшін айқаста жақсы қолдана білді, бірінші раундта қазақстандық қарсыласын тексерді. Сосын қарсыласын жұдырықтың астына алып, еркін демалуға мүмкіндік бермеді. Кездесу соңында украин боксшысы екі рет нокдаунға түсті. 3:0 – Әлібековтің нақты жеңісі.
 
2011 жылғы Азия чемпионы Айдар Әмірзақов (64 кг) Алмасбек Әлібековтің бастамасын әрі қарай жаслғастырды, ол ирак боксшысы Сахма Каррарды 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалға шығу үшін Әмірзақов Тайланд өкілі Вуттичай Масукпен кездеседі.
 
Ширек финалда 64 кг-ға дейінгі салмақ категориясында бірден үш отандасымыз өнер көрсетеді. Асланбек Шымбергенов ресейлік Эдуард Хусаиновты нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
 
91 кг-ға дейінгі салмақтағы спортшыларымыз жарыстың екінші күнін аяқтады. Осы салмақтағы ҚР ҰҚК-ң бірінші нөмірлі боксшысы Антон Пинчукке тәжірибелі украйындық боксшы Сергей Радченко қарсы тұрды. Қарсыластар жанкүйерлерін тамаша айқастарымен қуантты, соңында Антон Пинчук 3:0 есебімен жеңіске жетті.
 
Қазақстан құрамасының екінші нөмірлі боксшысы Асқар Абдуллаев моңғол спортшысы Толек Ерболатқа қарсы тұрды. Абдуллаев көрермендердің ризашылығына бөленді. Екінші раундта қатты соққысымен Ерболатты нокдаунға түсірді. Моңғол «қалықтап» барып, құлады. Ойынның төрешісі ойынды қайта бастаған кезде, Асқар соққысын қайта жалғастырды. Айқас тоқтатылды. Абдуллаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
 
Қазір жартылай финалда Асқар Абдуллаев пен Антон Пинчуктың арасында қызықты тартыс болмақшы, өйткені 91 кг-ға дейінгі салмақ категориясында біздің елімізді Азиадада көрсететін боксшының аты мәлім болады.
 
Ұлттық құраманың осы салмақтағы тағы да бір мүшесі Алексей Севостьянов өте тәжірибелі кубалық боксшы Руис Кордове Херихтен техникалық нокаутпен жеңілді.
 
Наверх