Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Сәтті күн

10 Шілде, 2014

Бүгін 49, 52, 69, 81 кг-ға дейінгі және 91 кг-дан жоғары салмақ категорияларында ересектер арасындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» IV Халықаралық жарысының ширек финалдық жарыстары өтті.

Шаршы алаңға алғашқы болып шыққан 49 кг-ға дейінгі салмақтағы әлем чемпионы Біржан Жақыпов пен Қырғызстан өкілі Турат Осмонов болды. Жақыпов өзінің басымдығын бірден көрсетті, үшінші раундта денесіне қатты соққы тигізіп, Осмоновты нокдаунға түсірді. Турат кездесуді жалғастырмақшы еді, бірақ төреші артынша айқасты тоқтатты, Біржан техникалық нокаутпен басым түсті.
 
Жартылай финалда біздің отандасымыз ресейлік Расул Салиевпен кездеседі. Айта кетейік, Біржан Жақыпов «Президент Кубогінің» алтын медалін 2006 және 2010 жылдары ұтып алған.
 
Басқа жартылай финалда аса жеңіл салмақта біздің тағы да бір отандасымыз шығады. ҚР ҰҚК-ң үшінші нөмірлі боксшысы Жомарт Ержан ауыр айқаста филиппиндік Роген Ладонды 3:0 есебімен жеңген болатын. Финалдың алдында Жомарт өзбек Хасанбай Дусматовпен жекпе жекке шығады.
 
Ілияс Сүлейменов (52 кг) ирак Насер Хасанға мастер-класс көрсетті. ОИ мен ӘЧ қатысушысының Ирак құрамасының мүшесінен басым түсетіні сөзсіз еді. Нәтиже 3:0 – жеңіс Сүлейменовтікі. Жартылай финалда Іляс Сүлейменов Азиада чемпионы филиппиндік Рэй Салудармен кездеседі.
 
Украиндық Никита Радионовпен әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің (69 кг) айқасы ешқандай қиындық туғызбады. Қазақстан құрамасының капитаны үздіксіз баллдар алып, қарсыласын сауатты жеңді. Даниярдың жеңіске жетуіне ешбір төреші де күмән келтірмеді, есеп - 3:0. Жартылай финалда Данияр Елеусінов өзбекстандық боксшы Исраил Мадримовпен кездеседі.
 
Еліміздің чемпионы 69 кг-ға дейінгі салмақ категориясындағы Сағадат Рахманқұлов та әзірбайжандық Тамерлан Абдуллаевты екінші раундта нокдауынға жіберіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Рахманқұлов нық сеніммен 3:0 есебімен жеңіске жетті.
 
Жартылай финалда Сағадат Рахманқұлов 2013 жылғы әлем чемпионатының финалисті кубалық Ариснодиус Диспэйнмен кездеседі.
 
Олимпиаданың, әлем чемпионатының және Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов әзірбайжандық Гульгусейн Агазадені бірінші раундта дәл соққы тигізіп, жеңіске жетті. ҚР ҰҚК-ң 81 кг-ға дейінгі салмақтағы жеңімпазы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. ҚР Президенті Кубогінің финалына Ниязымбетовпен кубалық Эммануэль Рейес Плат шығады. Айта кету керек, Әділбек Ниязымбетов, шаршы алаңға алдыңғы күндері шыққан, командадағы жолдасы Ілияс Сүлейменовпен бірге 2012 жылғы «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» жарысында бірінші орынды иеленген.
 
Өкінішке орай, бүгін біздің құраманың бәрі де жеңіске жете алған жоқ. 81 кг-ға дейінгі салмақтағы республика чемпионы Нұрдәулет Жарманов украиндық қарымды қарсыласы Александр Ганзуледен 1:2 есебімен жеңілді.
 
Дегенменде, жартылай финалда Қазақстаннан екі боксшы шығады. Дәурен Елеусінов Өзбекстан ұлттық командасының көшбасшысы, қазіргі чемпион Ойбек Мамазулуновқа қарсы тамаша айқас көрсетті. Дәурен 3:0 есебімен жеңіске қол жеткізді.
 
Ауыр салмақтағы боксшылар арасындағы жарыста Иван Дычко өзбекстандық Мирзохиджон Абдуллаевпен алғашқы айқасына шықты. Иван 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ендігі жерде жартылай финалда Иван Дычко біздің команданың басқа мүшесі Нұржан Бекзатовпен бақ таластырады.
 
ҚР чемпионатының 2013 жылғы қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев тәжірибелі украиндық Ростислав Архипенконы 3:0 есебімен жеңді. Келесі айқаста Қоңқабаев кубалық Иоранди Ортегоймен кездеседі.
Наверх