Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Тлегенұлы бәрімізді таң қалдырды!

11 Шілде, 2014

Бүгін бокстан ересектер арасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі" IV Халықаралық жарысының алғашқы финалистері анықталды - жартылай финал айқасы 60 және 91 кг-ға дейінгі салмақ категориясында болды. Барлығы 2 қазақстандық боксшымыз финалға шықса, 15-і жарыстың жартылай финалына шықты.

Бірінші болып қазақстандық боксшы Берік Абдрахманов (60 кг)өзбекстан боксшысы Елнұр Абдураимовты жеңіп, финалға шықты (3:0). ҚР Президенті Кубогінің алтын медаліне Берік жартылай финалда моңғол Довжинбаяр Отдондалаяны 2:1 есебімен жеғңп шыққан, филиппиндік Чарли Суарезбен айқасатын болады.
91 кг-ға дейінгі жартылай финалдық айқаста командалық жолдастар - қазақстандықтар Антон Пинчук пен Асқар Абдуллаев кездесті. Есеп 3:0, Антон жеңді. Финалда Пинчукке өзбек боксшысы Рустам Тулягановты 2:1 есебімен жеңген, кубалық Руис Кордовой Херих қарсыласады.
Бүгінгі күннің ширек финалдың старттық жарысында 56 кг-ға дейінгі салмақ категориясындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев Әзірбайжан боксшысы Фарид Агамоглановты 3:0 есебімен нық сеніммен басып озды. Жарыстың жартылай финалында біздің отандасымызға тай боксшысы Тхатхи Дочайды 2:1 есебімен жеңген, ресейлік Зинат Жандыбаев қарсы тұрады.
Таң қаларлық жеңісімен көзге түскен Қазақстан құрамасының үшінші нөмірлі боксшысы Жанболат Тлегенұлы Лондонда өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы Робейси Рамирезді 2:1 есебімен ұтты. Финалда Жанболат қырғыз боксшысы Омурбек Малабековтің келмегендігінен келесі айналымға шыққан, Моңғолия боксшысы, Олимпиада финалисті Тугцогт Нуямбаярмен кездеседі.
64 кг-ға дейінгі салмақ категориясындағы біздің Алмасбек Әлібековте Қырғызстан өкілі Эрмек Сакеновтің келмеуіне орай, айқассыз жартылай финалға өтті.
Жартылай финалға Айдар Әмірзақов өтпеді. 2011 жылғы Азия чемпионы тайлық Вуттичай Масукпен айқасында жарақат алып, кездесу үшінші раундта тоқтатылды. Осылайша, жартылай финалда Алмасбек Әлібеков пен Вуттичай Масук қайта кездеседі. Асланбек Шымбергенов өз кездесуін Луис Олива Генерамен сеніммен өткізсе де, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Жартылай финалда Генер шаршы алаңға Моңғолия әскерилері арасындағы әлем чемпионы, ресейлік Виктор Миргородты жеңген, Баттарсуга Чинзоригавпен кездеседі. 75 кг-ға дейінгі салмақтағы кубалық Лопез Кардон моңғол спортшысы Яргала Отгоняргаланы 3:0 есебімен жеңді.
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ирак боксшысы Мохаммед Зайдунды 3:0 есебімен сеніммен жеңді. Финал алдындағы жарыста Жәнібек Лопез Кардоноймен кездеседі.
Рустам Сваев, өкінішке орай, командалық жолдасының бастамасын жалғастыра алмады, тәжірибелі украиндық Дмитрий Митрофановтан 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Жартылай финалда Митрофанов ҚР ҰҚК-ң мүшесі Сапарбай Айдаровты 2:1 есебімен жеғген, өзбекс боксшысы Хуршидбек Норматовпен кездеседі.
 
Наверх