Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны ауысты.

03 февраля, 2022

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны ауысты. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Қазіргі таңда Қамшыбек Қоңқабаев пен Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста бақтарын сынайтындықтан, құрамада капитан ауысты. Команда жігіттері ақылдаса отырып, бірауыздан Асланбек Шымбергеновты таңдады», - деді бапкер.

Алайда бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, үлкен жарыстардың алдында боксшы оқу-жаттығу жиындарына шақырылады. Егер бабы келісіп тұрса құрамаға қосатынын тілге тиек етті.  

Наверх