Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Belgrade winner турнирінен 4 алтын, 4 күміс еншіледі

18 Наурыз, 2024

  Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті жетті. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 4 күміс еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды меншіктеді.

 

 Қазақстанның 8 боксшысы финалда жұдырықтасқан. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыластарына жол берді.

 
“Belgrade winner” турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары:
 
Жеңімпаздар:
Ернұр Қайрат (48 келі);
Санжар Тәшкенбай (51 келі);
Дәулет Молдашев (54 келі);
Диас Молжігітов (75 келі).
 
Финалистер:
Сабыржан Аққалықов (71 келі);
Ерасыл Жақпеков (80 келі);
Данияр Рахымбердинов (92 келі);
Олжас Боқаев (+92 келі).

Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.
 
Естеріңізге сала кетейік, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысқан халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынады.
Наверх