Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

ТАШКЕНТТЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

24 апреля, 2023

 Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ерлер құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.  

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар «батасын» беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар:

48 кг: Санжар Тәшкенбай

51 кг: Сәкен Бибосынов

54 кг: Махмұд Сабырхан

57 кг: Серік Теміржанов

60 кг: Талғат Сырымбетов

63,5 кг: Санатәлі Төлтаев

67 кг: Дулат Бекбауов

71 кг: Асланбек Шымбергенов

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Нұрбек Оралбай

86 кг: Сағындық Тоғамбай

92 кг: Айбек Оралбай

+ 92 кг: Қамшыбек Қонқабаев

«Бұл әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бері бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық, сондықтан, әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орындары бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін», - деді Мырзағали Айтжанов.

«Бапкерлік құрам боксшыларды әлем чемпионатына жақсылап дайындап апара жатыр. Дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Кеңес Рақышев басқаратын Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Боксшылар мен бапкерлер олардың өнерін бүкіл Қазақстан тамашалайтынын біледі, сондықтан жауапкершілікті түсінеді. Құрамамызға сәттілік тілейміз», - деп атап өтті Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Естеріңізге сала кетсек, Белградта өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) иеленген болатын. Сербия астанасындағы жаһан біріншілігінің 3 бірдей финалисі (әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, күміс жүлдегерлер – Махмұд Сабырхан мен Серік Темиржанов) Ташкент шаршы алаңында өнер көрсетеді.   

«Ташкенттегі әлем чемпионатына тиянақты дайындалуға мүмкіндік болғаны үшін алғыс айтамын. Бір жұдырық болып жұмылып жұмыс істесек, алынбайтын қамал жоқ. Құрамадағы жігіттер бір-бірін әрқашан қолдап жүреді. Ал мен әлем чемпионы деген атағымды қорғап қалуға барымды саламын. Мақсатым – екі дүркін әлем чемпионы атану», - деп атап өтті Сәкен Бибосынов.

Әлем чемпионатының басталуына тура бір апта қалды. Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді. 

Ұйымдатырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысады деп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша анықталады.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алтын медаль иегеріне 200 000 АҚШ долларын, екінші орын алған боксшыға 100 000 және екі қола жүлдегердің әрқайсысына 50 000 АҚШ долларынан береді. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн. АҚШ долларын құрайды.

Боксшылар додасының тікелей трансляциялары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирінен көрсетіледі.

 

СТАЛ ИЗВЕСТЕН СОСТАВ СБОРНОЙ КАЗАХСТАНА ПО БОКСУ

НА ЧЕМПИОНАТ МИРА В ТАШКЕНТ

Стал известен состав национальной мужской сборной Казахстана по боксу на предстоящий чемпионат мира в г. Ташкент, сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта МКС РК. В настоящий момент НСК проводит заключительный     учебно-тренировочный сбор в г. Шымкент на базе «Алма-Тау».

Мероприятие прошло в традиционном формате – главный  тренер Мырзагали Айтжанов огласил имена претендентов, аксакалы дали свое напутственное «бата», руководители Казахстанской федерации бокса – рекомендации. 

Так, честь страны в столице Узбекистана будут защищать;

48 кг: Санжар Ташкенбай

51 кг: Сакен Бибосынов

54 кг: Махмуд Сабырхан

57 кг: Серик Темиржанов

60 кг: Талгат Сырымбетов

63,5 кг: Санатали Тольтаев  

67 кг: Дулат Бекбауов

71 кг: Асланбек Шымбергенов

75 кг: Нурканат Райыс

80 кг: Нурбек Оралбай

86 кг: Сагындык Тогамбай

92 кг: Айбек Оралбай

+ 92 кг: Камшыбек Конкабаев

«Процедура выявления имен претендентов на этот чемпионат мира был долгим, тщательным и кропотливым. С начала этого года, тренерский штаб провел необходимые УТС, возил разные составы на различные соревнования и по каждому из этих боксеров есть тщательный анализ. Это же касается и трех наших дебютантов. Несмотря на молодость, они имеют свое имя в мире бокса и готовы с честью защищать наше имя на международной арене», - отметил Мырзагали Айтжанов.

«Мы верим, что тренерский штаб провел хорошую работу в преддверии чемпионата мира. Со своей стороны государство в лице МКС  РК и КФБ во главе с ее президентом организации Кенесом Ракишевым выполнили все взятые на себя обязательства в ходе подготовки. Боксеры и тренеры понимают высокий уровень ответственности, знают, что в период соревнований за ними будет следить вся страна. Желаем удачи всей нашей команде», - сказал исполнительный директор Казахстанской федерации бокса Маратбек Мыктыбеков.

Отметим, что на последнем чемпионате мира в г. Белград, наши мастера выиграли 5 медалей (2 золотые, 2 серебряные и 1 бронзовая). При этом, в нынешнем составе присутствуют сразу три финалиста сербского ринга (чемпион мира Сакен Бибосынов, серебряные призеры Махмуд Сабырхан и Серик Темиржанов). 

«Я хотел бы выразить всем огромную благодарность за хорошую подготовку к этому чемпионату мира в Ташкенте. Наша команда очень дружная, сплоченная и готова идти к новым вершинам. Что касается меня лично, то я конечно же, хочу и готов защищать звание действующего чемпиона мира. Моя цель - стать двукратным чемпионом мира», - поделился мнением Сакен Бибосынов.

Напомним, что до начала первых боев чемпионата мира в Ташкенте остается ровно неделя. Соревнования пройдут в период с 1 по 14 мая.

Как отмечают организаторы, на данный момент уже зарегистрированы более 600 боксеров из 104 стран мира. Чемпионат пройдет в 13 весовых категориях.

Золотые медалисты от Международной ассоциации бокса (IBA) получат по 200 000 долларов США, для занявших второе место приз составляет 100 000, а каждое из 3-х мест – по 50 000 долларов США. Тем самым общий призовой фонд составляет 5,2 млн. долларов США.

Прямые трансляции будут доступны в эфирах республиканских телеканалов «Qazaqstan» и «Qazsport».  

 

Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory 

Наверх