Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

Астана 2024 жылғы бокстан əлем чемпионатын қабылдайды

17 мая, 2023

Бокстан əйелдер арасындағы əлем чемпионатын 2024 жылы Астана қаласы қабылдайды. Бұл жайлы Ташкентте өткен IBA директорлар кеңесінің ресми отырысынан кейін белгілі болды.

Өтінішті Қазақстан бокс федерациясының халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-президенті Азиз Кожамбетов жасады. Бəсеке «Барыс Арена» кешенінде өтеді.

«Мен Қазақстан сынды ірі бокс орталығы IBA-ның байрақты бəсекесін ұйымдастыратынына қуаныштымын. Осыған дейін 2016 жылы əлем чемпионаты Астана қаласында болған. Келесі жылы одан да жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Біз əйелдер чемпионатының жалпы жүлде қорын көбейткелі жатырмыз. Өз басым келесі жылы Астанадағы жарысты асыға күтемін», - деді IBA президенті Умар Кремлев.

«Қазақ боксына халқымыз бен Мемлекет басшымыз қызу қолдау көрсетіп келеді. Мұндай əлемдік бəсекенің елімізде өтуі барлық жанкүйер үшін үлкен мереке болары анық. Оның үстіне біздің əйелдер құрамамыз əлемдегі көшбасшылардың бірі. Командамыз барған жарыстан жүлдесіз қайтқан емес. Бұл қатарға барлық беделді бəсеке кіреді. Əйелдердің чемпионаты 2024 жылғы мамырға жоспарланған. Яғни, Париждегі Олимпиада қарсаңындағы шешуші дайындық болмақ», - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті  Кеңес Рақышев.

Айта кетейік, халықаралық бокс федерациясының қауымдастығы əр салмақтағы чемпиондарға 200 мың АҚШ долларынан береді. Ал 12 салмақтағы жалпы сыйақы 4,8 миллион доллар. Бұл ақшаның ішіне Ұлттық құрамалардың бас бапкері алатын 10% жүлде де кіреді.

 

Астана примет женский чемпионат мира по боксу 2024 года

Столица Казахстана примет чемпионат мира по боксу среди женщин 2024 года. Подобное решение вынес совет директоров Международной ассоциации бокса (IBA) по итогам официального заседания в Ташкенте.

Заявку представил вице-президент Казахстанской федерации бокса по международным связям Азиз Кожамбетов. Место проведения станет столичная «Барыс Арена».

«Я рад, что такая мощная боксерская сила, как Казахстан, примет у себя крупнейший турнир IBA. Соревнование уже проходило в Астане в 2016 году, и теперь оно возвращается в более мощном виде, так как мы удваиваем призовой фонд для женщин. Я с нетерпением жду отличного чемпионата и приветствую боксеров в Астане в следующем году», - сказал президент IBA Умар Кремлев.

«У отечественного бокса очень большая поддержка народа и Главы государства. И проведение подобного мирового турнира станет большим праздником для всех казахстанских болельщиков! Тем более что, наши спортсменки являются одними из лидеров женского бокса на международном уровне. В копилке команды есть медали, практически, со всех крупных соревнований. Сам чемпионат мира по боксу среди женщин состоится в мае 2024 года. Тем самым, он станет генеральной подготовкой в преддверии летней Олимпиады в Париже», - отметил в своем заявлении президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев.

Добавим, что за первое место Международная ассоциация бокса присудит боксерам по 200 тысяч долларов США, а общий призовой фонд составит 4,8 миллиона долларов США по всем 12 категориям. В эту же сумму входят 10%, принадлежащие главным тренерам сборных.

Наверх