Казахстанская
федерация Боксаwww.kfb.kz

Новости

Жасөспірімдер құрамасы қос ірі жарысқа дайындығын аяқтады

20 июня, 2024

Қазақстан жасөспірімдердер құрамасы Алматы облысы Жанашар ауылындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
Аға бапкер Мақсат Оспановтың жетекшілігімен 45 спортшы алдағы кешенді жарыстарға дайындығын пысықтады. 21 маусым күні 12 спортшы Якутск қаласында өтетін (Ресей) "Дети Азии" халықаралық ойындарына аттанады. 22 маусым 13 боксшы Мәскеудегі Әскери Ойындарына жолға шығады.
"Дети Азии" аясындағы бокс жарысы 30 маусым басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Бапкерлік кеңес қос турнирде де командалық бірінші орын алуды көздеп отыр.


Наверх