Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Екеуі финалда

13 Қазан, 2015

 Катардағы бокстан лицензиялық әлем чемпионатында барлық жартлыай финалдық кездесулер аяқталып, 10 салмақ дәрежесінде ақтық айқасқа жолдама  алғандардың есімдері белгілі болды. 73 елден келген былғары қолғап шеберлерінің ішінен қазақстандық қос өрен финалға жолдама алды. Оның бірі 69 келідегі Данияр Елеусіновта екіншісі аса ауыр салмақтағы Иван Дычко. Жартылай финалға дейін кездескендердің  барлығын қоғадай жапырған Данияр бұл кездесуде де қарсыласын едәуір басым болды. Бірінші раундтан-ақ әзірбайжандық Парвиз Багиров еш қарсылық көрсете алмайтындығын ұғынды. Европа ойындарының жеңімпазы 2013 жылғы әлем чемпионы алдында дәрменсіздік танытты. Даниярға оның бір соққысы да дұрыстап дарыған жоқ. Екеуі бұған дейін кездеспесе де Елеусінов өзін жеңіске жетелейтін тактика құрып, екінші раундтан соң айқын басымдылығын байқала бастады.  Осылайша кездесу 3:0 есебімен Даниярдың пайдасына шешілді.Енді ол 15 қазан күні ақтық айқаста, мароккалық Мұхамед Рабимен бас жүлдені сарапқа салады.

Алып Иван Дычко болса, өзбек Баһадур Жалаловпен жұдырықтасты. Бірінші раундта Ваня жекпе жекті қалай өрбіту керектігін ойлап жүрді ме әйтеуір сылбырлық танытты. Үзілістен кейін бапкер ақылына қаныққан болу керек, ширақ қимылдап дәл соққылар жасай бастады. Дегенменде жастың аты жас емеспе, Дычконың соққыларына төтеп беріп,үші раунд шыдап бақты. Тіпті төлесіп кетіп, Ванияның жейдесін жыртып тастады. Кездесуде Иван Дычко жеңіске жетіп екі күннен кейінгі финалда франуцз  Тони Юкамен кездеседі.

Иван ДЫЧКО, БОКСТАН Қазақстан ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші раундта өзіме өзім келе алмадым. Бірақ үзілістен кейін бапкерлер соққыны жиілетіп, ширақ қимылдау керектігін айтты. Сол қағида бойынша жұдырықтасып жеңіске жетім, қарсыласым жас бұрын кездескенбіз қазір оның деңгейі өсіп қалыпты. Жеңіске деген құштарлығы басым  тіпті төбелесіп, жейдемді жыртып тастады.

Даниярдың еншісінде Рио Олимпидасының жолдамасы бар. Ал Дычкоға Олмпиадаға бару үшін тек әлем чемпионы атануы керек.  

Телжан Кудеров 

Наверх