Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының бокс жанкүйерлері!

10 Желтоксан, 2015

Оңтүстік Қазақстан облысының командасы Қазақстан бокс федерациясы кубогының VI маусымының жеңімпазы атануымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Оңтүстік Қазақстан облысының жеңісіне сіздердің қосқан үлестеріңіз көп деп білемін. Жанкүйерлердің қолдауы спортшылар үшін өте маңызды. Болашақ жарыстарда да белсенділік танытып, боксшыларға демеу беріп, жаңа белестерге жетелейсіздер деп сенемін. Спортқа деген сіздердің ыстық ықыластарыңыз жас ұрпаққа үлгі болары анық.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының жеңісі – команданың бас бапкері Нұрлан Айтуаров бастаған білікті жаттықтырушылардың ерен еңбегінің нәтижесі. Нұрлан Айтуаровтың арқасында облыста боксты дамыту мәселесі жаңа бағыт алып, боксшылар жоғары көрсеткіштерге ие болды. Мәселен, 2015 жылғы ел біріншілігінде облыс шәкірттері 2 алтын медаль ұтып алды. Бұл спортшылар келешекте халықаралық додаларда да жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз.

 

Мен Оңтүстік Қазақстан облысы бокс федерациясының қызметкерлеріне атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс сіздердің федерацияларыңыздың облыста осы спорт түрін кеңінен насихаттау, жасөспірімдер арасында боксты дамыту және белсенді шәкірттерді тәрбиелеу жолында атқарып отырған жұмыстарыңыздың жемісі.

 

Қазақстан бокс федерациясы Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың басқа облыстарына да үлгі болып, сіздердің командаларыңыздың мүшелері болашақта еліміздің мақтанышы болады деп үміттенеді.

 

Қызметтеріңізге сәттілік пен жаңа табыстар тілеймін!

Наверх