Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Дариға Шәкімова Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

02 Сәуір, 2016

Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова  Қытайда өтіп жатқан халықаралық  турнирде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Ол жартылай финалда Солтүстік Кореяның өкілі Хуй Юн Чангты ұтты. Бұған дейін 75 килода күш сынасатын қазақ қызы Оңтүстік Кореяның боксшысы Ун Жангты, оның алдында ширек финалда, монғолиялық Эрденетуя Энхбаатарды шаршы алаңның төрт бұрышына тығып айқын басымдықпен жеңген болатын.

 

Қытайда Азия және мұхит аралдары елдерінің арасында өтіп жатқан Олимпиялық іріктеу турнирінде төрт жылда бір келетін додаға лицензия финалға шыққан боксшыларға беріледі.

 

Дастан Кенжалин.

 

Дерек: еgemen.kz

Наверх