Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Серік Сәпиев «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстанның мемлекеттік наградасына лайықты

16 Тамыз, 2013

Спорт күнін мерекелеу қарсаңында Астанада Қазақстанның спорт қауымы өкілдерін марапаттауға орай салтанатты жиын өтті.

Бүгін ҚР-ң Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасы Ерлан Қожағапанов салтанатты түрде «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградасын, сондай-ақ құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады. Өз сөзінде ведомтсва басшысы Қазақстанның спорт өкілдерін, оның ішінде қазіргі спортшыларды, спорт ардагерлеріне, жалпы білім беретін спорт ұйымдарына, сонымен бірге спорт федерациялары өкілдері мен әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларға олардың қажырлы еңбектері мен төзімділігі, отан алдында қол жеткен табыстары үшін үлкен рахметін айтты. «Салауатты өмір салты – ұлт саулығының кілті. Әрбір қазақстандық тұрғын көпшілік спортты дамытуға қомақты үлес қосуға құқылы. Спорт бүгінде – кез келген қазақстандықтың өмір сүруін ұзартатаын және сапасын, сондай-ақ ұлттық бәсекеге қабілеттігін арттыратын маңызды фактор. Келе жатқан мерекелеріңізбен, достар, Спорт күнімен!» - деп құттықтады әріптестерін Е.Қожағапанов.

Биылғы жылы «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградасы және «Спорттың құрметті қызметкері», сонымен бірге «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хат» 244 адамға берілді. Олардың ішінде спорт ардагерлері Александр Шнейдмюллер мен Тарих Төлегенов, «Шахтер» футбол командасының директоры Ерден Халилин, «Қазспортинвест» АҚ-ң вице-президенті Евгений Никитинский, Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп-интернаттың директоры Амангелді Дайыров, Лондон олимпиядалық чемпионы Серік Сәпиев, «Тобол» баскетбол клубының директоры Сергей Волков және тағы басқалар.

www.inform.kz

 

Наверх