Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

09 Тамыз, 2016

Жәнібек Әлімханұлы да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі.

75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фаулермен жұдырықтасты. Нәтижесінде айқын басымдылықпен ұтып келесі кезеңге жолдама алды.

 

Жәнібек  бірінші раундта қарсыласымен тең дәрежеде өнер көрсеткендей болды. Ал екінші раундта тізгінді толықтай өз қолына алды. Энтони екінші раундыда бір рет нокдаунға жіберілді. Ал үшінші раундыда да қазақ боксшысы қарсыласын ойнап жүріп соққының астына алды. Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға жолдама алды.
 

Осыған дейін Біржан Жақыпов қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ол да ширек финалға өткен болатын.

 

inform.kz

Наверх