Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы: «Олимпиада медалiн иеленiп, Қазақ елiн қуантсақ деймiз»

11 Мамыр, 2016

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы биыл Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық боксшылардың толық құраммен қатысатыны туралы пікірін білдірді.

«Қазақ елiнiң боксшылары жаз­ғы Олимпиада ойындарынан қашан да алтын медальмен оралып келедi. Сол алтын дәстүрдi үзiп алмау – бiзге сын. Жазғы Олимпиада ойын­дарына үшiншi рет қатысуға мүмкiндiк алған Бiржан Жақыпов (49 келi), алғаш рет қатысатын Олжас Сәттiбаев (52 келi), Қайрат Ералиев (56 келi), Берiк Әбдiрахманов (60 келi), Абылайхан Жүсiпов (64 келi), Василий Левит (91 келi), екiншi рет жолы түсiп отырған Данияр Елеусiнов (69 келi), Әдiлбек Ниязымбетов (81 келi), Иван Дычко (91 келiден ауыр салмақта) бар, бәрiмiз де барымызды саламыз. Бiзге ендi дайындықтан кейiн тек дайындықты ғана ойлау керек. Жолдама алып бiр қуандық, ендi Олимпиада медальiн иеленiп, Қазақ елiн қуантсақ деймiз», - деді Әлімханұлы «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында.

Наверх