Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында ел қоржынына 17-ші медалді салды

20 Тамыз, 2016

Әйелдер арасында бокстан 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы жартылай финал кездесуінде АҚШ спортшысы Кларесса Шилдспен кездесті. 

Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алып, ел қоржынына 17-ші медалді салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Алғашқы үш раунд, төрешілердің пікірінше, америкалық боксшының басымдығын көрсетті. Ал төртінші раундта Шәкімова нокдаун алып қалды. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан америкалық боксшын жеңді деп шешім шығарды. Айта кетейік, АҚШ-тың боксшы қызы 2012 жылы чемпион атанған. 

 

 

Осылайша, Дариға Шәкімова Қазақстан құрамасына 17-ші медальді салып берді. 

Наверх