Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Василий Левит пен Данияр Елеусіновқа джип мінгізді

24 Тамыз, 2016

Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында Рио Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты күтіп алу шарасы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Түңгі сағат 1.30-да Астана әуежайында жанкүйерлер мен Олимпиадаға қатысқан спортшылардың туған туыстары, достары жиналды.

 

Елордаға келген спортшылардың қатарында боксшылардан Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Берік Әбдірахманов, Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Жәнібек Әлімханұлы, Иван Дычко, Әділбеков Ниязымбетов, Василий Левит, Данияр Елеусінов, Жайна Шекербекова, Дариға Шәкімова, ал балуандардан Жұлдыз Ешімова, Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Гүзел Манюрова болды.
 

Байрақты бәсекеге қатысушыларды күтіп алуға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те келді.

 

«Олимпиада жұлдыздарын құттықтаймын. Сіздер халықтың және осында тұрған азаматтардың сенімін ақтаңыздар. Сіздер төртжылдықтың басты додасында ел намысын қорғадыңыздар. Сіздер нағыз батырсыздар. Мен сіздердің жаттықтырушыларыңызды және ата-аналарыңызды ұлы жеңіспен құттықтаймын. Жеңістен жеңіске жете беріңіздер», – деді қала әкімі.
 

Ал Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов жанкүйерлерге шексіз алғысын білдірді.

 

«Көрсеткен қолдауларыңызға рахмет. Мұхиттың ар жағында болсақ та жанкүйерлер болғандарыңызды сезіндік. Біріншіден, спортшыларға осындай жағдай жасап жатқан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мың да бір алғыс. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке де алғысымды білдіремін. Осындай жетістікке жетуіміз бапкерлеріміздің арқасы. Әрі әкеме және бас бапкерге жеке алғысымды білдіремін. Барлықтарыңыздың еңбектеріңізге рахметімді айтқым келеді», – деді бокстан Қазақстан құрамасының капитаны.

 

 

Сонымен қатар қала әкімі Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне жаңа машинаның кілтін табыстады. Әрі Әсет Исекешев оларға жаңа пәтерлер берілетіндігін атап өтті.

 

bnews.kz

Наверх