Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Данияр Елеусінов сал ауруына шалдыққан мүгедек балаларға 10 млн теңге аударды

09 Қыркүйек, 2016

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан халқының атынан облыс әкімі табыстаған 10 миллион теңгені сал ауруына шалдыққан мүгедек балаларға аударды.

24.kz басылымының мәлімдеуінше, спортшыны арнайы қабылдаған облыс әкімі Алтай Көлгінов боксшы мен оның бапкер әкесі Марат Елеусіновтің әрқайсысына 10 миллион теңгенің сертификатын табыс еткен еді. Саңлақ спортшының шешімімен енді бұл қаржының игілігін мүгедек балалар көретін болды. Өңір басшысының айтуынша, Оралда Елбасы тапсырмасына сәйкес салынып жатқан оқушылар және жастар сарайынан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылмақ.

 

«Олимп шыңына шыққан Даниярдың ізбасарларын көптеп тәрбиелеу үшін оның спортшымен және оның әкесімен, Қазақстан бокс федерациясы өкілдерімен кеңесе келіп, осы орталықты ашуды ұйғардық. Бұл жерде болашақ былғары қолғап шеберлері алаңсыз жаттығатын үш-төрт ринг орнатылады», - деді әкім.

 

Бұдан кейін Данияр Елеусінов әкесімен бірге өзінің туған жері Қазталов ауданына аттанып кетті. Кіндік қаны тамған ауылында спортшы жерлестерімен кездесулер өткізеді. Кейін қала күні аясында ұйымдастырылатын велошеруге қатысады.

Наверх