Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Данияр Елеусінов өзі білім алған мектепте дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді

17 Қазан, 2016

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзі білім алған Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейінде дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі. 

Данияр Елеусінов үлкен жетістікке жетудегі қадамның алғашқысы осы мектеп қабырғасында басталғандығын тілге тиек етті. 



«Дене шынықтыру сабағын жақсы көретінмін. Осы спорт залда жаттықаным есімде. Жалпы, спорт саласында жетістікке жету үшін дене шынықтыруға бейім болу керек. Соны болашақ чемпиондар, жас жеткіншектер біле жүрсе екен», - деді Олимпиада чемпионы. 



«Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында өткен ашық сабаққа 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко да қатысып, спортта жинаған тәжірибесімен бөлісті.

 

Вaq.kz

Наверх