Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Боксшыларымыз биыл қандай бәсекелерде бақ сынайды?

27 Қаңтар, 2017

Мырзағали Құланұлының айтуынша, биыл біздің боксшылар төрт халықаралық бәсекеге қатысады екен.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 2017 жылғы халықаралық турнирлерге қатысатын боксшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
 

Мырзағали Құланұлының айтуынша, биыл біздің боксшылар төрт халықаралық бәсекеге қатысады екен. Сонымен қатар маусым айында Астанада өтетін Президент кубогында бақтарын сынайды. Бұл турнирлерге дайындалу үшін құрама бапкер ел біріншілігінде топ жарып, үздіктер қатарына іліккен 30-дан аса боксшыны шақыртқан. 
 

Биыл өтетін халықаралық турнирлерге келесі боксшыларымыз қатысады: 
 

Болгарияда өтетін турнирге: Ержан Жомарт, Азамат Исақұлов, Нұрбол Қалжанов, Әділет Құрметов, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Қамшыбек Қоңқабаев.


Германияда өтетін турнирге: Нұрбол Қалжанов, Садриддин Ахмедов, Тұрсынбай Құлахмет, Бекзат Нұрдәулетов, Нұрлан Сапарбай.


Бакуде өтетін "Жібек жолы" турниріне: Аскат Жүсіпов, Олжас Байниязов, Серік Теміржанов, Аян Қалибеков, Илья Очкин, Бек Нұрмағанбет.
 

Тайландта өтетін турнирге: Шалкар Айқынбай, Азат Махметов, Жанболат Қадырбаев, Сұлтан Зәуірбек, Ділмұрат Мижитов, Асланбек Шымбергенов, Ерік Әлжанов. 

 

сурет - Данияр Майлыбаев

Наверх