Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Болат Жұмаділов: «Арландардың» құрамында өзгерістер көп»

24 Қаңтар, 2018

«Астана арландары» өнер көрсететін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымы ақпан айының алғашқы аптасында басталады.

Осы тұста «Арландардың» жаттықтырушысы Болат Жұмаділов командадағы өзгерістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Біз елдің атынан өнер көрсетуге лайықты деген спортшыларды іріктеуден өткіздік. Жаңа команданы жасақтап та үлгердік. Құрамада өзгерістер көп. Бұрыннан шаршы алаңға шығып жүрген 4-5 боксшыны ғана тізімге енгіздік. Жастарға көп үміт артып отырмыз. Жастардың әлеуеті көз қуантады. Жақын арада боксшылардың жазба тізімін жариялаймыз. Танысып, білісе жатарсыздар. Дәл қазір тек жаттығумен бас қатырудамыз. Оларға қарсыластарымыздың тактикасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жаңа форматқа бойларын үйретіп жатырмыз, - деп түсіндірді Болат Жұмаділов.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» - WSB жобасының үш мәрте чемпионы. Бұған қоса тағы төрт күміс жүлделері бар. Осы турнирде ең көп жүлде иеленген команда болып табылады.

kazinform.kz

Наверх