Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Азат Махметов Санкт-Петербургтегі турнирдің финалына шықты

30 Мамыр, 2018

Ресейде өтіп жатқан «Губернатор кубогы» турнирінде қазақстандық боксшы финалға шықты.

52 килограмға дейінгі салмақта Азат Махметов жартылай финалда өзбекстандық Жасурбек Латиповтан басым түсті.

31 мамыр күнгі шешуші айқаста ол қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен кездеседі.

Ержан Жомарт (49 кг), Әділет Құрметов (60 кг) және Абзал Құттыбековтер (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалда есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтты.

Наверх