Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Жайна Шекербекова – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

24 Қараша, 2018

 28 жасар боксшы аруымыз өте жоғары деңгейде өнер көрсетті

 24 қараша күні Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының финалдық кездесулері өз мәресіне жетті.

Түркістан облысының спортшысы Жайна Шекербекова (51 кг), финалда Азия ойындарының күміс жүлдегері, Солтүстік Корея өкілі Пан Чхоль Мимен кездесіп, төрешілер шешімімен 0:5 есебімен есе жіберді.

Осылайша, әйелдер құрамасы Үндістан Республикасында өткен Әлем біріншілігінен бір қола, бір күміс медальмен оралды.

Бір күн бұрын ақмолалық Карина Ибрагимова (60 кг) үшінші орын иеленген еді.

 

Фото: Сергей ШТРАК

Наверх