Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

13 Желтоксан, 2018

 Бүгін "Қазақстандық бокс федерациясы" қауымдастығының атқарушы директоры Бекжан Мұхтасифұлы Бектенов 49 жасқа толып отыр

 Сіз ұзақ жылдар бойы спорт саласында қажырлы еңбек етіп, талай белестерді бағындырып келесіз.

Өзіңіз басқарып отырған ұжым Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген жомарт жүректі азамат деп таниды. 

Сонымен қатар, еңбекте беделді маман, білікті жетекші ретінде үлгі тұтады.

Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге шын ниетпен зор денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз.

Жұмыста толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз.

Абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз артсын.

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Құрметпен,

ҚБФ ұжымы

Наверх