Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Ерік Алғабекұлы: "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы" Ұлттық құрама үшін өте маңызды

12 Маусым, 2019

15-21 шілде аралығында, Нұр-Сұлтан қаласында ерлер мен әйелдер арасында бокстан VII Халықаралық турнир "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы" өтеді. Осыған орай, Қазақстан республикасы әйелдер арасындағы Ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы  Ерік Алғабекұлы команданың турнирге дайындығы жайлы бөлісті.

Ерік Алғабекұлы, жалпы алдағы турнирге дайындықты қалай бағалайсыз, жоспарланғанның барлығын жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар ма?

-Алдағы турнир біздің команда үшін өте маңызды. Өйткенi осы жарыста бес салмақта қатысатын боксшылардың Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін мұқият бағалау қажет. Әрине, әлi  алдыда көп оку-жаттығу жиындары өтеді, Әлем  чемпионаты бар. Бiрақ осы жарыстан бастап, бiз әр спортшының дайындығын ерекше қадағалаймыз.

Кубокка қанша состав дайындап шығаратын боласыз?

Әр салмақта төрт спортшыдан жиналып  жарысқа қатысамыз. Осы жарыста біз жастар құрамасынан келгендерге ерекше назар аударамыз. Оларға болашақта біздің бұрыннан келе жаткан боксшыларымызбен бәсекелесуге тура келеді.

 Кубок басталғанға дейін бір айдан аз уақыт қалды, бұл уақыт аралығындағы дайындықтар/жаттығулар қай форматта өтеді?

-Қазақстан құрама командасы жарыстың алдында Астана қаласында оқу-жаттығу жиынына жиналады. Сол жаттығулар барысында командамыз Кубок алдындағы өз дайындықтарын жүргізеді.

Бірінші орындардан бөлек, қыздардың алдына қандай міндеттер қойылады?

-Қыздармен бірінші орындарды иеленуге жоспарлап отырмыз.

Таразыға қатысты, жеңіл немесе ауыр санаттағы спортшыларға ставка жасайсыз ба?

-Әр мемелекеттте ауыр салмақ пен ең кіші салмақтағы боксшыларға аса көңіл бөлінеді. Бізде Қазақстан құрама командасында да осы салмақтарға назар аударып жатырмыз. Өйткені, осы салмақтарда жақсы нәтиже көрсетіп жатқан көп қыздарымыз бар. Солардан Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында медальдар күтудеміз.

Қазақстанда әйел боксы танымалдығының артқанын ескере отырып, ол жаңа деңгейге шығады деп айтуға болады ма?

-Олимпиадаға әйелдер боксындағы салмақ категорияларына бес салмақ қосылғалы бері, бұл спорт түріне көп көңіл бөлініп жатыр, біздің мемлекеттің тарапынан да. Қазірден бастап барлық инстанцияларда бұл өзгерістер қарастырылып, әйелдер боксы ерекше назарға ие. Сондықтан Қазақстандағы әйелдер боксы жаңа деңгейге көтерілуде десек болады. 

Наверх