Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық спорт қайраткерлерінің еңбегі еленді

23 Сәуір, 2014

  Кеше ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары  Қ.Қ. Ищанов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының «Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан ерен еңбектері үшін» құрмет белгісін бір топ отандық мамандарға табыс етті.  

Мараптатталғандар арасында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б.Қанағатов, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының Бас директоры С.Ж.Мұсайбеков, Қазақстан бокс федерацииясының Атқарушы директоры Б.М.Бектенов, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Б.Ү.Әбдірахманов сынды спорт қайраткерлері бар.
Қайрат Ищанов отандық спорт қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау барысында қазақстандықтардың Парламентаралық Ассамблея тарапынан алғаш рет осындай құрметке ие болып отырғандарын атап өтті.
Наверх