Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Алғашқы марапаттар

15 Мамыр, 2014

 Бокстан ұлттық құраманың мүшелері Ресей мен Өзбекстанда өтіп жатқан халықаралық жарыстарда кездесулерін жалғастыруда. Хабаровскіде  Константин Коротковтың мемориалында айқас жақсы өтіп жатыр. Мырзағали Айтжановтың боксшылары алғашқы медальдарын алып та үлгерді.  

Бүгін жартылай финалға ҚХР өкілі Чунг Юді 2:1 есебімен жеңген, Ержан Ордабаев (56 кг), және бірінші раундта техникалық нокаутпен ирандық  Морадкани Резаны жедел аяқтаған  Антон Пинчук (91 кг) шығады. 
Ташкентте Сидней Джаксонды еске алу жарысында  Закир Сафиуллин (60 кг) мен Нұрдәулет Жарманов (81 кг) айқастарында Өзбекстандық боксшылар  – Равшанбек Умурзаков пен Отабек Ибрагимовтен екеуі де 1:2 есебімен жеңіліп қалды.  
Ертең Шкодер қаласында (Албания) «MemorialVllaznia 2014» халықаралық турнирінде, құрама жаттықтырушысы Александр  Стрельниковтың басшылығымен ұлттық команданың бес мүшесі қатысады, олар  – Біржан Жақыпов (49 кг), Ерлан Тамемов (52 кг), Жанболат Тілегенұлы (56 кг), Алмасбек Шымбергенов (64 кг), Алексей Севостьянов (91 кг).
 
Наверх