Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирден бес жолдама еншіледі

12 Наурыз, 2024

 Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік лицензиялық турнир мәресіне жетті. 10 күнге созылған бәсекеден Қазақстан боксшылары 5 лицензия еншіледі.

Айта кетейік, әлемнің 114 елінен 668 боксшы қатысқан бәсекеде Қазақстан намысын ерлер арасында 6, әйелдер арасында 5 боксшы қорғаған. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде бес боксшымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Олар:
 
51 келі. Сәкен Бибосынов (Әлем чемпионы)
 
57 келі. Махмұд Сабырхан (Әлем чемпионы)
 
71 келі. Асланбек Шымбергенов (Әлем чемпионы)
 
80 келі. Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы)
 
92 келі. Айбек Оралбай (Азия чемпионы)
 
Осылайша бүгінде Қазақстан боксшыларында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Бұған дейін былтыр Азия ойындарында ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова лицензия иеленген.
Наверх