Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

25 миллион кімге бұйырады?

23 Мамыр, 2014

Бүгін Астанада Қазақстандық бокс федерациясында командалар - «Қазақстан бокс федерациясы кубогі-2014» республикалық жарысына қатысушылардың жеребе салуы өтті. Биылғы жылы Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған, міне енді 4 жыл бойына, спортшылар мен спорттың осы түрінінің әуесқойларына танымал болған, турнирдің V мерейтойлық кезеңі өтеді.  

 Жеребе тастау тәртібін Болат Абдрахманов – бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы,  Берік Маржықпаев – бокстан әйелдер арасындағы ҰҚК-ң үйлестірушісі және ҚБФ-да спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы, Марина Вольнова – Лондон олимпиадасының жүлдегері және Самат Қанағатов – «Астана» телеарнасының спорт шолушысы жүргізеді. Осы жылы бәсекенің регламенті өзгертілер енгізілді. Ең бірінші рет 25 миллион теңге көлемінде жүлде қоры белгіленді, оны жеңген команда алады, сонымен бірге командаларды географиялық ұстанымы бойынша бөлетін, дивизиондар қысқартылады.

Бұрынғыша, қатысушы – командалар алдын ала айқастарын төрт топта – A, B, C, D – әрқайсысы  4 командадан өткізеді.  Алайда, енді жеребе тастау өткен кезеңнің қорытындысына сәйкес командаларды төрт себетке бөліп,   рейтинг бойынша өтеді.   Бірінші себетке енген Астан қаласының, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының  командалары.  Екіншіге – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының құрамалары. Үшіншіге  –  Алматы қаласының, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстары. Төртіншіге – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының командалары кірді.  
Марина Вольнованың қолымен алынған жеребеден келесі турнир топтары қалыптасты: «А» – Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы; «В» – Астана қаласы, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары; «С» – Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстары; «D» – Қарағанды, Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Жартылай финалда «А» және «С», «B» және «D» топтарының жеңімпаздары кездеседі.  
Сонымен бірге, ширек финалды өткізу орнын анықтауға да жеребе тасталды.
«А» тобын Алматы қаласы қабылдайды, «С» – Көкшетау қаласы (тамыздың 1-і мен 3-і ралығы), «В» – Ақтөбе қаласы, «D» – Қарағанды қаласы (тамыздың 8-і мен 10-ы аралығы).
Жартылай финал мен финал дәстүр бойынша Астана қаласында желтоқсанның 14-і мен 15-і аралығында өтеді.
Командалық есеп тең болған жағдайда, қосымша айқастың салмақ категорияларына жеребе тасталды. Ширек финалдың кезеңінде «А» тобында – 91 кг-дан жоғары салмақ категориясында, «В» тобында – 91 кг-ға дейін, «С» тобында – 69 кг-га дейін, «Д» тобында – 52 кг-ға дейін.  «А» және «С» топтарының жартылай  финалы үшін – 75 кг-ға дейін, «В» және «Д» тобында – 52 кг-ға дейін. ҚБФ Кубогінің финалы үшін қосымша салмақ категориясы – 52 кг-ға дейін.
Әрбір команданың құрамына салмақ категориялары  49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 кг-ға дейін және 91 кг-дан жоғары 20 (оның ішінде 10 қосымша) спортшы кіреді. Боксшылар командасының құрамына – Қазақстан Республикасының бейрезидентіне, сондай-ақ басқа командалар құрамына мәлімделген – ҚБФ Кубогінің қатысушыларын енгізуге тыйым салынады .  Матчтық кездесулер ұпайы келесі жүйе бойынша есептеп шығарылады: айқастағы жеңіс – 1 ұпай, жеңіліс – 0 ұпай.  
ҚБФ Кубогінің жеңімпаздары Астана қаласының  (2010, 2013 жж.), Қарағанды (2011 ж.) және Маңғыстау (2012 ж.) облыстарының командалары.

Наверх