Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Азиада басталды

20 Қыркүйек, 2014

 Инчхонда, Оңтүстік Кореяда, XVII жазғы Азиада Ойындарының ашылу салтанаты өтті. 

Біздің еліміздің Ұлттық командасынан 420 адам өнер көрсетеді. Ойынның ашылуында Қазақстанның туын бокстан ҚР ҰҚК-ң мүшесі Әділбек Ниязымбетов алып шықты.
 
Ерлер арасынан Қазақстан құрамасы (бас жаттықтырушы - Мырзағали Айтжанов) барлық он салмақ категориясына да қатысады:
 
49 кг - Біржан Жақыпов, 52 кг – Ілияс Сүлейменов, 56 кг – Қайрат Ералиев, 60 кг - Берік Абдрахманов, 64 кг - Айдар Әмірзақов, 69 кг - Данияр Елеусінов, 75 кг - Жәнібек Әлімханұлы, 81 кг - Әділбек Ниязымбетов, 91 кг-ға дейін - Антон Пинчук, 91 кг-ден жоғары - Иван Дычко.
 
Еліміздің әйелдер командасынан (аға жаттықтырушы - Вадим Присяжнюк) барлық үш олимпиадалық салмақ категориясында да жарысқа қатысады:
 
51 кг - Жайна Шекербекова, 60 кг – Гүлжайна Уббіниязова, 75 кг - Марина Вольнова.
 
Бокс жарысы 23-қыркүйекте басталады, әйелдер арасындағы жарыстың ақтық мәресі – 1-қазанда, ерлер арасында – 3-қазанда өтеді. Айтжановтың ұжымы алдында командалық есепте бірінші орынды иелену міндеті тұр.
 
Фото – Vesti.kz
 
Наверх