Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІ БЮРОСЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

31 Мамыр, 2013

30 мамырда Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтың төрағалық етуімен «Қазақстан бокс федерациясы» ҚТ ЗТБ Атқарушы комитетінің мәжілісі өтті.

Мәжілісті ашқан Т.А.Құлыбаев команданы, жаттықтырушылар құрамын және «Астана Арланс» кәсіби спорт клубының басшылығын Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) үшінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады, және клуб алдында тұрған міндеттердің орындалғанын, осы жетістік – үш жылдың ішіндегі федерацияның бүкіл жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

Жұмыс барысында кездесуге қатысушылар федерация қызметінің түрлі қырларына қатысты көптеген мәселелер шеңберін қарастырып, АИБА (АРВ) Кәсіби бокс жобаларын іске асыруға, сондай-ақ 2013 жылы Алматы қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына дайындыққа баса назар аударды.

Мәжілісті қорыта келе, Т.А.Құлыбаев, WSB жобасының табысы арқылы бокстың жалпыға мәлімділігінің артқандығы туралы атап өтті. Сонымен бірге ҚБФ басшысы WSB және АРВ ҚБФ қызметінің басыңқы бағыттарының қатарына қосылады, яғни Халықаралық бокс қауымдастығы спорттың осы түрінің кәсібилігіне арналған курс өткізеді. Бұл туралы АИБА шешімі растайды, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына берілген лицензия былайша ойнатылатын болады: 30 жолдама - WSB, 70 – АРВ, 150- әлем чемпионаты.

Бұдан басқа, Т.А.Құлыбаев Алматыда өтетін Әлем чемпионаты аясында отандық боксты көпшілікке тарату және спортты насихаттау мәселелеріне назар аударуға тапсырмалар берді.

Наверх