Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясында АРВ жобасының тұсаукесері өтті

18 Сәуір, 2013

АИБА кәсіби боксы спортшылар мен ұлттық федерацияға да жаңа мүмкіндіктер ашты, сондықтан тұсаукесерде отандық мамандар мен менеджерлердің қалың тобы – Қазақстан бокс федерациясының басшылығы (ҚБФ), «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы мен «Астана Арланс» КСК, облыстық және қалалық федерациялар өкілдері, жаттықтырушылар корпусы, ҚБФ-ң кешенді ғылыми тобы қатысты.   

Б. Джиран АРВ әуесқой-боксшыларды кәсіби рингте АИБА қамқорлығымен спорт мансабын жалғастыруға мүмкіндігі бар екенін, сонымен бірге Олимпиада ойындарына, әлемдік және құрлықтық чемпионаттарда  қатысу құқығын жоғалтпайтынын  атап айтты.
Тұсаукесерде жобаны талқылау барысында қатысушылар АРВ-ң маңызды қырларынан толық ақпарат алды.
АИБА өкілдері сұрақтарға жауап бере отырып, әрбір 3 деңгейлі АРВ – ұлттық, құрлықтық және халықаралықта 13 спортшыдан қатысып, және осы жылдың өзінде көрсетпе шайқас  болатынын айтты.
АРВ бірінші кезеңінде ең күшті әуесқой-боксшылар – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысады. Қатысушылардың санын арттыру көзделуде. АРВ боксшыларын іріктеуді арнайы омиссия іске асырады. Жаттықтырушылар да назардан тыс қалмайды, олар курстар мен семинарларда  біліктіліктерін көтеруге мүмкіндік алады.
Сонымен бірге, Б. Джиран  АРВ шеңберінде Рио-де-Жанейрода өтетін келесі Олимпиадада 70 лицензия ойналатынын хабарлады. 
Наверх