Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Бүгін Қытайда бокстан турнир басталады

25 Наурыз, 2016

 Бүгін Қытайдың Цяньан қаласында бокстан Азия және Тынық мұхиты аралдарының елдері арасында Олимпиялық іріктеу турнирі басталады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Осы турнирде еліміздің атынан 6 ер адам және 3 әйел боксшы Олимпиада лицензиясы үшін күш сынасады. Жеребе бойынша алғашқы жекпе-жек 52 килоға дейінгі салмақта Олжас Сәттібаев пен Қырғызстан боксшысы Азат Үсенәлиевтің арасында өтеді.  Одан кейін Қайрат Ералиев (56 кг) Ченг-Лин Линмен (Тайбэй), Абылайхан Жүсіпов (64 кг) үнді Кумаром Маноймен кездеседі.

 

Қазақстан құрамасындағы 75, 81 және 91 килодан астам салмақтағы боксшылар рейтінгіде бірінші орында тұрған соң, алғашқы жекпе-жектерін өткізбейді. Сол себепті Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) турнирді екінші кездесуден бастап, Макото Такахаши (Жапония) мен Ча-Вей Канның (Тайбэй) арасында өтетін айқастың жеңімпазымен қолғап түйістіреді.  Әділбек Ниязымбетов (81 кг) те солай, Хегён Янг (Оңтүстік Корея) мен Сумит Сангванның (Үндістан) кездесуінде жеңіске жеткен боксшымен күш сынасады. Ал Иван Дычко (91 кг) Джозеф Годалл (Австралия) мен Патрик Малатаның (Новая Зеландия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен рингке шығады.

 

Турнирде Қазақстанның әйелдер құрамасында Дариға Шәкімова (75 кг) Оңтүстік Кореяның өкілі Шинёнг Киммен, Назым Есжанова (60 кг ) Тонга Корольдігінің боксшы қызы Пуэки Фифитамен кездеседі.  Бәрінен бұрын Назым Кызайбайға (51 кг) оңай болмайын деп тұр. Ол әлемнің бес дүркін чемпионы, үнді қызы Мэри Коммен қолғап түйістіреді.

 

Дастан Кенжалин

 

doda.egemen.kz

Наверх