• АИБА-да Корея Республикасының мүшелігі жаңартылды. Бұл туралы шешім 11 мамырда Астана қаласында өткен АИБА Атқару комитетінің кезектен тыс мәжілісінде қабылданды. Кореяның бокс федерациясы президенті болып Юн Сеунг Чанг тағайындалды.
• Бокс 2015 жылы Бакуде өтетін Еуропа ойындарының бағдарламасына енгізілді.
• Чанг Жанпинг өкілеттігінің мерзімі аяқталуына орай Қытай бокс федерациясының президенті қызметінен кетті. Федерацияның жаңа президенті жақын күндерде тағайындалатын болады.
• Умберта Фургониді ң орнына Француз бокс федерациясының жаңа президенті болып Андре Мартин сайланды.
•Бүкіләлемдік бокс сериясының келесі маусымында Куба командасының қатысуы жоспарлануда.