Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов - Қазақстан бокс құрамасының жаңа капитаны

25 Қаңтар, 2017

Қазақстан бокс құрамасының Мырзағали Айтжанов бастаған жаттықтырушылары капитан Данияр Елеусіновтың кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты орнына Әділбек Ниязымбетовты сайлады. 

- Әділбекті капитандыққа Василий Левит ұсынды, бәріміз бірауыздан қолдадық. Капитанның басты міндеті - боксшыларды ауызбіршілігін сақтап, рухын ұстап тұру. Ниязымбетовтың қолынан бұл келеді деп ойлаймын. Себебі ол ең тәжірибелі, ең сыйлы боксшы. ОлТокионы да бағындырады, — деді Мырзағали Айтжанов.

 

Айта кетейік, бокс құрамасының жартысы бүгінге дейін Бүкіләлемдік бокс академиясында жалпы физикалық даярлық жиындарында болды. Жуық арада барлық спортшылар Венгрияда, Болгарияда өтетін дәстүрлі турнирлерге аттанады.

Наверх