Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Туған күніңіз құтты болсын!

15 Қазан, 2018

 Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 51 жасқа толып отыр

Құрметті Сәкен Жүнісбекұлы!

Сізді Қазақстан бокс федерациясының ұжымы туған күніңізбен құттықтайды!

Елімізде боксты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін алғыс білдіре отырып, барлық игі істеріңізге береке тілейміз.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін спорттың қыры мен сырын шебер меңгеріп, осы салада абыроймен атқарып келе жатқан еңбек жолыңыз көптеген жастарға үлгі-өнеге екені даусыз.

Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асуларды аса беріңіз.

Қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін және шаңырағыңызда әрдайым шаттық болуын тілейміз.

Құрметпен,

ҚБФ ұжымы

Наверх