Қазақстандық
бокс федерациясыwww.kfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы Кубогының жеңімпазы 25 млн теңге ұтып алды

03 Желтоксан, 2017

Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін VIII маусымдық жарыстардың жеңімпаздары анықталды.

Ақтық бәсекеге жолдама алған Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының спортшылары өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, маңғыстаулық боксшылар 2012 және 2016 жылдары кубокты жеңіп алса, ОҚО командасы 2015 жылы жеңімпаз атанған болатын.

Ақтық сайыста 52 келі салмақта маңғыстаулық боксшы жарақатына байланысты жарыстан шығып, ОҚО командасына бір ұпай жазылды. Сөйтіп боксшы Шалқар Айқынбай жеңімпаз болып танылды. 60 келіде тартысты өткен бәсекеде маңғыстаулық боксшы, әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы, олимпиадаға қатысушы Берік Әбдірахманов пен Сұлтан Зауырбек бокстасты. Екі спортшы да шаршаңқырап қалғандарына қарамастан қайтпай жұдырықтасты. Алайда қарсыласынан 10 жас үлкен маңғыстаулық боксшының өз-өзіне деген сенімділігі жеңіске жеткізді.

Маңғыстаулық командаға ұпайды сонымен қатар Нұлбол Қалжанов пен осы жылы өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ерік Әлжановтар да қосып үлгерді. Дегенмен бұл жолғы жеңіс оңтүстіктің спортшыларына бұйырды. Шалқар Айқынбайдан кейін рингке Азия ойындарының жүлдегері Бағдәулет Ибрагимов пен Бекзод Халметов, Бек Нұрмағамбет, Еркін Мұхаметжан шықты. Еркін Мұхамеджан облысқа алтыншы ұпай алып берсе, Нұржан Бекзатов та қарсыласынан басым түсті. Қорытынды есеп 7:3 болып, оңтүстіктің былғары қолғап шеберлері жеңіске жетті.  Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары екінші рет Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, 25 млн теңге ұтып алды.

«Біз команда сапында негізінен жас боксшыларды алып келдік. Олар жас та болса тәжірибелі спортшылар саналады. Бесеуі халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері болса, өзгелері спорт шеберлері. Ал ұтып алған 25 млн теңгені өңірде боксты дамыту мақсатында жұмсамақпыз. Атап айтқанда команданың жаттығуына керек-жарақтың бәрін сатып алмақпыз», – деді ОҚО командасының бас бапкері Нұрлан Айтуаров.

khabar.kz


Витрина

IMPORTANT NOTE: Larger sized men's Patek Philippe luxury replica watches will run you a few thousand dollars more for an entry-level model and Patek Philippe hasn't quite jumped on the bandwagon of using big or significantly larger case sizes like many other brands have been doing for the last few years.
Наверх